Пошта: studyinasiakz@mail.ru
Жазылу бойынша офлайн: Алматы / Астана
Бүкіл ТМД бойынша онлайн жұмыс істейміз
*Дисклеймер: Study in Asia — консалтингтік қызмет.
.png&w=256&q=75)
Study in Asia — халықаралық білім әлеміндегі сіздің жол көрсеткішіңіз. Біз бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Қытай, Жапония, Корея және басқа да елдердің университеттерінің кең каталогын жинадық.
Оңтүстік-Батыс университеті (SWU) — «211 жобасы» және «Double First-Class» бағдарламаларына кіретін, 1906 жылдан жалғасқан тарихы бар беделді оқу орны. Университет педагогика, ауыл шаруашылығы, инженерия, менеджмент және әлеуметтік ғылымдар салаларындағы жоғары деңгейдегі білім және ғылыми зерттеулермен танымал. Әсем табиғатты және заманауи инфрақұрылымы бар кампус студенттерге жайлы орта ұсынады. Жыл сайын әлемнің әр елінен шетелдік студенттер SWU-ды таңдап, сапалы білім алып, жаһандық көзқарасын кеңейтеді.
Оңтүстік-Батыс Университеті(SWU)) көпсалалы оқу орны болып табылады. Өзіңізге сәйкес келетін бағыт пен оқу бағдарламасын таңдаңыз.
Соңғы жылдары Оңтүстік-Батыс Университеті шетелдік студенттерге арналған жатақханаларды кеңейту және жаңғырту жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Бұл студенттердің тұруға деген қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жатақханалардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, кәсіби басқару қызметін енгізуге мүмкіндік берді. Осы шаралар студенттер үшін қауіпсіз, тәртіпті, мәдениетті және таза тұрмыстық ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Халықаралық колледж үш жатақхана ғимаратын басқарады. Бөлмелер байланыс және интернет желісімен қамтамасыз етілген, жиһазбен жабдықталған, су мен электр қуатын автоматты басқару жүйесі, жеке жуыну бөлмесі, жылыту және салқындату жүйесі бар кондиционер, тоңазытқыш, жазық экранды теледидармен қамтылған. Жатақхана аумағында кір жуу бөлмесі, асхана және дене шынықтыруға арналған орындар сияқты барлық қажетті қоғамдық қызмет түрлері бар.
Тұратын ақысы:
Бір адамдық бөлме:
7 000 юань/адам/семестр;12 000 юань/адам/жыл
Екі адамдық бөлме:
5 000 юань/адам/семестр;9 000 юань/адам/жыл
Төрт адамдық бөлме:
3 500 юань/адам/семестр;6 000 юань/адам/жыл
Чунцин — один из крупнейших мегаполисов Китая в горах, известен как "город на холмах" с потрясающими видами, горячими фондами и острой сычуаньской кухней. Это промышленный и логистический хаб с быстро развивающейся экономикой. Для студентов здесь много вузов, недорогое жильё и еда, отличный транспорт (метро, канатные дороги через реку Янцзы). Безопасность высокая, но летом очень душно и влажно — акклиматизация нужна. Популярен среди студентов из-за динамики, низких цен и близости к природе (горы, реки).


